Түркістан облысында полиция қызметкерлеріне арналған іс-шара жүргізілді
Түркістан облысында жеке құрамға тәртіп пен заңдылықты түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында арнайы іс-шара жүргізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысы gолиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасына сәйкес өзіндік қауіпсіздік басқармасының ұйымдастыруымен Жетісай, Келес және Сарыағаш аудандарында жеке құрам қызметкерлеріне арналған іс-шара жүргізілді.
Профилактикалық шара таңертеңгі уақытта дабыл қағудан басталды. Дабылға сәйкес сақшылар сапқа тұрғызылып, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет жасайтындарын көрсетті. Одан әрі қарай ӨҚБ және жеке құрам инспекциясы полицейлердің құжаттарын, нысанды киімі мен заңдылық бойынша сауаттылығын тексерді.
Сонымен қатар полиция ғимаратының іші-сырты мен көліктердің жай күйіне назар аударылып, кемшіліктер айтылды. Шара соңында жеке құрамға арналған ауқымды жиын өтіп, онда ҚР ІІМ тарапынан берілген заң мен тәртіп аясындағы тапсырмалар, integrity check, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайы түсіндіріліп, қылмыс жасаған полиция қызметкерлері туралы сот үкімдері мен заңға қайшы жасаған әрекеттері бейнеленген арнайы деректі фильм ұсынылды.
Айта кету керек, департамент бастығының тапсырмасына сәйкес заң мен тәртіптің сақталуын мақсат тұтқан шара басқа да аудандарда жалғасатын болады.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/turkistan-oblysynda-politsiya-qyzmetkerlerine-arnalghan-is-shara-zhurgizildi/