Алаяқтық жасағаны үшін бас бостандығынан шектеу жазасы берілді

 Б. есімді азаматша 2021 жылдың 14 желтоқсанда алаяқтық, яғни бөтеннің

мүлкін алдау жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену ниетімен, танысы №1 жәбірленушіге ұялы телефон арқылы хабарласып, мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға қаржы бөлінгенін, сол бойынша құжат жинап

өткізетінін қайтарымсыз грант, яғни 1 200 000 теңге қаржыны алып бере алатынын және алдын ала ақша беру қажеттігін айтып, ақшаны каспи голд арқылы аударып алған.   ​

​ Сондай-ақ, Б.есімді азаматша 2022 жылдың шілде айында №2 жәбірленуші кәсіпкерлерді қолдау мақсатында берілетін қайтарымсыз қаржы алуға құжат жинап жатқаны туралы естіп, Б.есімді азаматшаға ұялы телефонмен хабарласқан.

 Б. есімді азаматша өзінің қылмыстық әрекеттерін одан әрі жалғастырып, бірнеше рет, алаяқтық яғни бөтеннің мүлкін алдау жолымен иемденуге бағытталған қылмыстық ниеті туындап, кәсіпкерлерге қайтарымсыз

берілетін 5 000 000 теңгеге дейін қаржыны алып бере алатынын, өзі әкімшілікте қызмет атқарып жүргенін айтып, ол үшін алдын ала 50 000 теңге мен жеке куәлік көшірмесі қажеттігін айтып, ақшасын алған.

 Сонымен қатар, 2024 жылдың 3 қаңтарда танысы №3 жәбірленушіге ұялы телефон арқылы хабарласып әкімшілікте жұмыс істейтінін, кәсіпкерлерді қолдау мақсатында мемлекеттен қайтарымсыз 1 200 000

теңге қаржы беріліп жатқанын, сол қаржыдан алып бере алатынын айтып, ол үшін алдын ала 100 000 теңге беру керектігін айтқан. Б. азаматшасы ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 (үш) жыл 6 (алты) ай мерзімге бас

бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

 Үкім күшіне енген.

ПІКІР ЖАЗУ