Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағандыда домбырашыларды флешмобқа қосылуға шақырады

 Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні тойланады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қарағандыдағы орталық саябақтың жағалауында 7 шілдеде сағат 12:00-де 500 домбырашы бір мезгілде Түркештің «Көңілашар», Құрманғазының «Сарыарқа» және «Балбырауын» күйлерін шертеді.

Флешмобты Тәттімбет Қазанғапұлының «Сарыжайлау» шығармасымен Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі ашады. Оған домбыра шерте алатындардың бәрі қосыла алады. Флешмоб Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен өткізіледі. Толық ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: +7-705-608-78-88, — делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ АЙТЫЛДЫ

admin

ҚАЗАҚСТАН МАШИНА ЖАСАУШЫЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫНДА ШЫМКЕНТТІК ТАУАРЛАР ҰСЫНЫЛДЫ

admin

ЖОЛДАУ МІНДЕТТЕРІН ОРЫНДАУДЫҢ ЖҮЙЕЛІ ТӘРТІБІ АЙТЫЛДЫ

admin