“Таза Қазақстан” акциясы: Түркістан облысында 6,5 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды

Түркістан облысының полицейлері “Таза Қазақстан” акциясы аясында 6,5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған “Таза Қазақстан” ауқымды экологиялық акциясын өткізу барысында, Түркістан облысының полицейлері 6 622 құқық бұзушыны жауапкершілікке тартты. Оның ішінде бейнебақылау камералары арқылы 251 құқық бұзушылық анықталды. Сондай-ақ тәртіп сақшылары басқа да мемлекеттік органдар, қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, белгіленбеген жерлерге қоқыс шығару ережелерін бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырды.  

Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында “нөлдік төзімділік” қағидаты бойынша 19 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Жалпы, пайдалану орындарын ластағаны үшін 11581, абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 4112 тұрғын жауапқа тартылды. Сонымен қатар 3950 құқық бұзушыға ескерту жасалды.   Мысалы тәртіп сақшылары Сайрам ауданында қалдық суларды белгіленбеген жерге төккені үшін автокөлік жүргізушісіне шара көрді. Автокөлік айыптұраққа қойылды. Ал ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабымен 3 238 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа полиция департаменті бөлімдерінің қызметкерлері апта сайын сенбілік ұйымдастырып, аулаларды жинау және абаттандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ іргелес аумақтарға ағаштар мен жасыл желектерді отырғызды.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/taza-qazaqstan-aktsiyasy-turkistan-oblysynda-6-5-myngnan-astam-zang-buzushylyq-anyqtaldy/

ПІКІР ЖАЗУ