Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Қазақстандық сабляшылар Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

 Саблямен семсерлесуден Қазақстан командасы Кувейтте өтіп жатқан Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандықтар командалық сында үздік үштікке енді. Турнирдің негізгі айналымында біздің команда Өзбекстан мен Жапонияны жеңіп, жартылай финалда Иранға жол берді.

Осылайша, Бақдәулет Құралбекұлы, Артем Саркасян, Саттархан Назарбай, Жанат Нәбиев төрттігі құрлық додасының қола жүлдесін иеленді.

Бұған дейін Ерлік Сертай ерлер шпагасынан қола медаль жеңіп алған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: 474 нысан жылыту маусымына дайын

admin

Тоқаев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қол қойды

admin

Жетісай: «ҚЫС – 2023» оқу-жаттығуы өтті

admin