Түркістан: Сот әкімшілігінің департамент басшысы іс-шара өткізді

Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкілі Д.Жумадилов бейне-конференц байланыс арқылы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерге қойылатын әдеп нормалары, ресми мінез құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемесіне барудан тартыну және әріптестерге өзінің діни нанымдарын таңбауға, қол астындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу мәселелерін түсіндіру бойынша іс-шара өткізілді.

 Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агентігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Е.Жұматай, Түркістан облысы дін істері басқармасының діни ахуалды мониторинг жүргізу және дін саласы бойынша құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы С.Жүсіпбек, Дін істері басқармасының “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің бөлім басшысы Ж.Жорабек және осы бөлімнің директоры М.Халықов, ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бөлім басшылары, аудандық және оған теңестірілген сот әкімшілерінің басшылары мен сот қызметкерлері қатысты.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер жұмыс уақытында да, жұмыстан тыс уақытта да әдеп нормаларын ұстанып, өздерін тиісті түрде ұстау қажеттігін түсіндірді.

 Ішкі қауіпсіздік бөлімінің басшысы Ж.Абдукаримов соттардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы және ойын мекемелеріне барудан тартыну қажеттігі жөнінде ескертпе жасап, судьялар мен сотқа келушілердің процессуалдық емес қатынастарына жол бермеу тапсырылды.

ПІКІР ЖАЗУ