Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

Мемлекеттік тіл туралы дөңгелек үстел өтті

Бәйдібек аудандық сотының ғимаратында аудан прокуратурасының аға прокуроры А.Тілеужанқызы, адвокат  М.Қалдыбиев, медиатор  Қ.Өтеуіл және жеке нотариус Н.Сұлтан және ішкі істер қызметкерлерімен «Мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» туралы  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында сот төрағасы М.Сәрсенов: «Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, мемлекеттiк тiл — мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi» — екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл — қазақ тілі болып табылатынын және еліміздің халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру ‑ әрбір азаматының парызы екенін атап өтті.

Қазіргі таңда мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмыстары 5 бағытта жүргізіліп жатқандығын айта отыра, олар қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық, азаматтық, әкімшілік істері және жалпы құжат айналымы бойынша екенін түсіндірді.

Сәйкес жаңалықтар

«Ақсудан ұшқан аққуым» атты аудандық ән байқауы өтті.

admin

«Айбын-2025»: Қорғаныс министрі әскери-патриоттық жиын жеңімпаздарын марапаттады

admin

Түркістан қаласында өткен жылы 5456 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасқан

admin