Түркістан: қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы С.Тұрғынбаев «Алқабилер алқасын іріктеу және алқабилермен іс қарау тәртібі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс шараға Түркістан облыстық прокуратурасының, полиция департаментінің, Әділет департаментінің өкілдері мен заң кеңесінің адвокаттары қатысты.

С.Тұрғынбаев, алқабилер соты қолданылатын салаларды кеңейтуге байланысты алқабилерді іріктеу барысында оңтайландыру жүргізу қажеттігін, бұл үрдісті оңтайландыру үшін алқабилерге үміткерлердің тізімін жергілікті атқару органдарымен құрастырылған сапаны жақсарту бойынша жүйелік жұмыс жасау қажеттігін айтты.

Қатысушылар бір-бірімен алқабилер туралы заңын талқылап, сұрақ жауап арқылы пікір таластырып, өзекті мәселелерді ортаға салды.

Іс шараның мақсаты «Алқабилер алқасын іріктеу және алқабилермен іс қарау тәртібі» туралы халыққа дұрыс түсіндірме беру, оның Заңнамасын түсіндіру, Алқаби институты не екенін және қай кезде қолданылатынын, сондай-ақ аталған заңды қолданған кезде, сот қатысушыларының міндеттерін түсіндіру, нақтылап айтқанда Алқабиге үміткерлердің міндеттерін түсіндіру.

Жиын соңында, қатысушылар спикерге өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті ұсыныстарын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ