Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Комаға түскен сарбаз. Тоқаев кінәлі адамдарды жазалауды талап етті

 Жақында Отардағы әскери бөлімде сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасы үндеу жариялаған болатын, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлілерді жазалауды тапсырды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты анасының әлеуметтік желілерде жариялаған үндеуімен танысты. Мемлекет басшысы болған оқиғаның мән-жайын мұқият зерттеп, кінәлі адамдарды жазалауды талап етті. Президент Қорғаныс министріне армияда мұндай жағдайға жол бермеу қажет екенін ескертіп, тергеу амалдарын бақылауға алуды тапсырды, — деп жазды ол.

Еске салсақ, Жамбыл облысы Отар ауылындағы № 30212 әскери бөлімінде әскери борышыны өтеп жүрген 19 жастағы сарбаз Нұржігіт Әбділпат жансақтау бөліміне түскен. Қазір ол комада жатыр. Анасының сөзінше, ұлы әлімжеттік құрбаны болған.

Сәйкес жаңалықтар

Түлкібас: «Ашық әкімдікте» тұрғындардың өтініштері тындалды

admin

Түркістан облысында полицейлер толғағы қысқан әйелді перзентханаға жеткізді

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданындағы 12 мың тұрғын мемлекеттік электр қуатына қосылады

admin