Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Астанада Қазақстан мен Сербия қорғаныс министрлерінің кездесуі өтті

Қорғаныс министрлігіне Сербия қорғаныс ведомствосының басшысы Братислав Гашич ресми сапармен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сербия қорғаныс министрі «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Кездесу барысында қорғаныс ведомстволарының басшылары генерал-полковник Руслан Жақсылықов пен Братислав Гашич өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Братислав Гашич құрметті қонақтар кітабына жазба қалдырды. Тараптардың серіктестік қатынастарды дамытуға деген ұмтылысының белгісі ретінде министрлер Қазақстан Қорғаныс министрлігі ғимаратының жанындағы «Достық аллеясына» ағаш отырғызды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында мақта кластеріне 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға келісім жасалды

admin

Төлеби ауданында спортзал, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, футбол алаңы сынды нысандар бой көтерген

admin

ИЧ-167/3 мекемесінде сотталғандар арасында психологиялық байқау болып өтті

admin