Президент Юн Сок Ёльді Ақордада қарсы алды
Ақордада Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёльді қарсы алу шарасы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келген Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ёльді Ақордада қарсы алды.
Содан кейін екі ел басшылары ресми делегациялардың құрамын таныстырды.
Салтанатты рәсімдер залында құрмет қарауылы сап түзеп, оның бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді.
Кейін Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік гимнін орындады.
Одан кейін президенттер отырыс залына қарай бағыттады.
Мемлекеттік сапар аясында бірнеше маңызды шара жоспарланған. Жалпы Корей елі Қазақстан экономикасына қомақты қаржы құятын ірі инвесторлардың бірі.