Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда кезекте тұрғандарға пәтер кілті табысталды

 Алматыда қоныс тойы жалғасып жатыр! Бұл жолы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын кезекте тұрған 86 адамға (ХӘОТ) Meдeu city ТҮК орналасқан 20 үйден жалға берілетін пәтер берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осы жылдың мамыр айында 500-ден астам отбасы бірнеше кезеңмен баспаналы болды.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан ХӘОТ кезекте тұрғандарға 2 мың жалға берілетін пәтер беріледі.

Жаңа пәтер иелері бұл көптен күткен үлкен қуаныш екенін атады. 

Мен өте ризамын, қуаныштымын. Бұл күнді ұзақ күттік, 2011 жылы кезекке тұрдық. Біз үшін бұл үлкен қолдау, — деді қуанышы қойнына сыймаған үш ұлдың анасы Айман Нұртаева.

Жаңа пәтерлердің кілтін табыстау іс-шарасы жалғасады, жақында тағы да кезекте тұрған жүздеген жан баспаналы болады.

Сәйкес жаңалықтар

Зардап шеккендерге мемлекеттік материалдық резервтен көмек көрсетіледі

admin

Төлеби: көтерілген мәселелердің жүзеге асуы – аудан әкімінің жіті бақылауында

admin

Сегіз тілде сөйлей алатын Мейірхан осы кезге дейін 68 мың кітап оқыған!

admin