Дархан Сатыбалды Төлеби ауданындағы бірқатар нысандарды аралап, кәсіпкерлермен кездесті

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық жайлы мектебінің құрылысымен танысты. Облыс басшысы мердігермен кездесіп, жұмыс барысын пысықтады. Ұлттық жобаны іске асырудағы проблемаларды талқылады. Құрылыс материалдарымен қамтуға қатысты мәселені талқылады.

Құрылысқа жергілікті тұрғындар тартылған. Құрылыс алаңдарына бейнекамералар орнатылып, жұмыс процессі тиісті бақылауға алынған. Бірыңғай стандарт бойынша салынып жатқан жайлы мектептер заманауи технологиялық және инженерлік жабдықтармен, ыңғайлы оқу және корпустық жиһазбен қамтамасыз ету де тапсырылған.  Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші  – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ.

Жалпы, Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында жаңадан 3 мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Достық елді мекеніндегі 900 орындықты, Көксәйекте – 600 орындық, Қосағашта – 300 орындық білім ошағының құрылысы биылғы жылдың желтоқсан айына дейін аяқталып, пайдалануға беру жоспарлануда.

Сондықтан балық өсіруді қолға алып, шаруашылықтың бұл түрін кәсіп көзіне айналдыруды көздеген кәсіпкерлер саны Төлеби ауданында артып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Жаңажол елді мекеніндегі балық шаруашылығымен танысты. Жеке кәсіпкер 3 гектар аумақта 7 арнайы бассейн жасап, форель өсіруде. Жылына 300 тонна балық өндіруді жоспарлауда. Жоба құны – 800 млн. теңге.

Жалпы, аудан аумағында балық шаруашылығымен 14 кәсіпкер айналысады, оның ішінде (2 бірлік су қоймада) 5 шаруашылық 2023 жылы ашылды. Шаруашылықтар негізінен бекіре, фарель, сазан, карп, дөңмаңдай, ақ амур балығын өсіруде.

ПІКІР ЖАЗУ