Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елдің барлық өңірінде су тасқыны аяқталды

 Қазақстанның барлық өңірінде су тасқыны аяқталды. Министрлік су қоймалардағы жағдайды жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 87%-ға толды. Олардың барлығы штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Ақмола облысында екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Екі нысан да штаттық режимде жұмыс істейді.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 95%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы бойынша орташа су жинау көрсеткіші 89,8%.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 87,8%-ға толды. Ертіс каскадының барлық су қоймалары штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасы 99,5%-ға толы. Олардың барлығы штаттық кесте аясында жұмыс істейді.

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 91%. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істейді.

Су қоймаларына жиналған тасқын суы ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі, — деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Астананы тазалауға шыққан 100 мың оқушы әлеуметтік желіні таң қалдырды

admin

Өңірімізге шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жалғасуда

admin

Түркістан: Төлебиде спорт кешені мен мектеп бой көтеруде

admin