Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жетісуда күкірт қышқылының шашылуы: тұрғындар үйлеріне оралды

 Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 46 адам, оның ішінде 18 бала бар 10 жеке тұрғын үйдің тұрғындары үйлеріне оралды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – 1 шақырым қашықтыққа сүйретілді.

Санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шектерде екенін анықтады. Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізуде, — делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, өңірдегі Малайсары теміржол вокзалында вагон цистернасынан диаметрі 25 мм болатын апаттық клапаннан күкірт қышқылының ағуы анықталды.

Құтқарушылар жергілікті үйлерден 46 ауыл тұрғынын эвакуациялады. Вагон-цистернаның салқындату жұмысы тексерілді.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Кентауда ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша семинар өткізілді

admin

Ұлттық құрылтайда аталғандай бәсекеге қабілетті жастар – ел болашағы

admin

Жолдау қоғамда көптен күткен өзекті мәселелерді жан-жақты қамтыды

admin