Алматыда 87 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

 Алматыда жыл басынан бері 19 483 жұмыс орны ашылды, оның 11 896-сы – тұрақты, 7 587-сі – уақытша. 

Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан атап өткендей, жыл соңына дейін 87 025 жұмыс орнын құру жоспарға енгізілген. Оның 68 387-сі тұрақты, 18 638-і уақытша болады. 

«Қалалық мобильділік орталығына өтініштер бойынша жұмыспен 20 462 адам қамтылды: тұрақты жұмыс орындарына – 2 725 адам, субсидияланатын жұмыс орындарына – 7 587 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 519 адам, жастар практикасына – 134 адам, қоғамдық жұмыстарға – 6 770 адам, күміс жасқа – 122 адам», – деп атап өтті басқармадан.

2023 жылы жұмыс күшінің саны 1 098 мың адамға жетті. Бұл 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 46 мың тұрғынға артық, оның ішінде жұмыспен қамтылған халық саны – 1 045,5 мың адам (47,5 мың адамға көп).

Бұған дейін Алматыда жұмысқа орналасуға көмектесетін бағдарламалар туралы жазған едік. 

ПІКІР ЖАЗУ