Түркістанда «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында облыстық ҚХА-ның ХХVI сессиясы өтті
Бүгін Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Cессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ ҚХА Кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, аудан, қала әкімдері, Түркістан облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және мүшелері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев модераторлық етіп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Түркістан облысындағы этномедиация саласындағы жұмыстар республика көлемінде жоғары бағаланғанын атап өтті.
Сессия шеңберінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Онда заңнамалық талаптарға сәйкес ротация тәртібімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары қызметіне «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысындағы филиалының төрағасы Сафаров Сарманбай мен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирсметов Бахадир сайланды. Кеңес мүшелері жаңа лауазым иелерінің өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.