Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Азаматтық авиация академиясының қыздар экипажы алғашқы рейсін жасады

 Тек қыздардан құралған экипаж Тараз аэродромындағы Азаматтық авиация академиясында ұшу тәжірибесі тарихындағы алғашқы рейсін жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тарихи экипаж құрамында нұсқаушы ұшқыш Аделина Луценко мен студент Екатерина Степина болған. Нәзік жандылар Tecnam 2002JF бір қозғалтқышты оқу-жаттығу ұшағында аспанға көтерілді.

Негізінен кез келген басқа ұшу кезіндегідей сезімде болдым. Оқу кезінде менің де нұсқаушыларым қыздар болған еді. Осыған қарамастан, академияның алғашқы әйел экипажы болғандықтан, өзімді мақтан тұтамын. Сонымен қатар, осы тарихи оқиға тек 2024 жылы болғаны өкінішті, — деп бөліседі Аделина.

Қазіргі уақытта жас нұсқаушыға екі студент тіркелген. Бикеш оларға ұшу тәжірибесі бойы аспанды қалай бағындыруды үйректпек.

Айта кетейік, Аделина Луценко бұған дейін Испанияда Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің (EASA) сертификаттауынан өткен болатын. Ол халықаралық дәрежедегі нұсқаушы ұшқыш болып саналады.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция 2 тәулік ішінде 500-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады

admin

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдегі ауылдық округ әкімдерінің облыстық форумы өтті

admin

Түркістан облысында мақта кластеріне 300 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға келісім жасалды

admin