Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты

 Президент Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын форматта өткен отырысына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты.

Саммитке Қазақстан Президентімен қатар, Армения Премьер-министрі – ЖЕЭК төрағасы Никол Пашинян, Ресей Президенті Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ықпалдастықтың маңызды міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылады. Сондай-ақ ЕАЭО қызметінің жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: саурандық сарбаздар әскерге аттанды

admin

Қытайда метапневмовирус өршіді: Еліміздегі жағдай қалай

admin

Бірнеше алаяқтыққа қатысы бар күдікті құрықталды

admin