Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» табысталды

Алматының Наурызбай ауданында көпбалалы аналарға мемлекеттік награда табысталды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Наурызбай ауданының әкімі Назира Тоғызбаева ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған ауданның көпбалалы аналарына «Алтын алқа» және «Күміс алқа» марапаттарын табыстады.
Аудан тұрғындары арасынан 7 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен, 16 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды.
Бүгін аудан әкімі Назира Асылбекқызы ҚР Президентінің Жарлығымен марапатталған ауданымыздың бірқатар көп балалы аналарын құттықтап, «Алтын алқа», «Күміс алқа» мемлекеттік наградаларын табыстады. Аналармыздың арасында дара кәсіпкерлер, үй шаруасындағы әйелдер, аспаздар және балабақша меңгерушілері бар. Ауданымыздың тұрғындары 7 ана «Алтын алқа» төсбелгісімен, 16 ана «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды», – деп хабарлайды Наурызбай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Шардарада кәсіпкерлердің есебінен 96 пәтер салынып жатыр

admin

Шардарада биыл 35 шақырымға жуық көше жөндеуден өтеді

admin

Мақтаарал өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестиция бойынша облыста екінші орынға жайғасты

admin