Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Батырлардың суреттерімен безендірілген пойыз Астанадан жолға шықты

Жеңіс күні қарсаңында Астанадан Павлодарға арнайы безендірілген №7502 электр пойызы жолға шықты.

Безендірілген электр пойызы Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары бейбітшілік үшін құрбан болған қазақ жауынгерлерінің ерлігін еске алуға арналған. 

«Құрам Жеңіс лентасының және Ұлы Отан соғысының батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Қасым Қайсенов, Талғат Бегелдинов және басқалардың суреттерімен безендірілген. Мереке құрметіне жолсеріктер жолаушыларды салтанатты формамен қарсалды. Жолаушылар „Жеңіс пойызының“ алдында суретке түсіп, лезбіздерін білдірді», — деп жазды «Қазақстан Теміржолы» компаниясынан.

Жыл сайын «Жолаушылар тасымалы» АҚ мерекеге сәйкес пойыздарды безендіріп, жолаушылардың сапарын ерекшелендіруге қызмет етеді. 

Сәйкес жаңалықтар

Астана әуежайының қызметкерлері жалақы мәселесін көтерді

admin

Түркістан қаласы сервистік модель аясында пилоттық жоба ретінде таңдалған аймақ

admin

Түркістан: Созақтағы Қыземшек кентінде екі балалар ойын алаңшасы пайдалануға берілді

admin