Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Үкімет Аппараты Астанадағы жалпықалалық сенбілікке қатысты

 Қазақстан Үкіметі Аппаратының басшылығы мен қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында өткен қалалық сенбілікке қатысты.

Премьер-Министр Олжас Бектенов бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері «EXPO» аумағында 150-ге жуық көшет отырғызды, оның ішінде емен, қайың, шырша, сағызқарағай және басқа да ағаш түрлері бар. 

Экологиялық акцияның 3 аптасында 4,6 мыңнан астам тонна қоқыс шығарылды. Астанада 50 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Биыл елордада барлығы 1,1 млн-ға жуық жасыл желек отырғызу жоспарда бар. 

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Жетісай ауданында сенаторлар өзекті мәселелерді талқылады

admin

Түркістан: Шардараның әлемді мойындатқан 2 спортшысына пәтер сыйға тартылды

admin

Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №74  «2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтер және кенттер бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

admin