Астана қаласының жылу жүйесі жаңғыртылып жатыр

Елордада ауа райы құбылып тұр. Күн салқындай бастап еді, тұрғындар батареялардағы жылудың жоқ екеніне енді мән бергендей. Бұл ретте, Астана қаласының энергетика басқармасының басшысы Нұрлан Купешев 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымы штаттық режимде өткенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, былтыр Үкіметтің қолдауымен бірқатар нысанның құрылысын аяқталған.

«Мәселен, «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының іске қосылуының нәтижесінде қаланың жылу қуаты 30%-ға ұлғайды. Энергия көздерінің жалпы қолда бар қуаты 3 747 Гкал құрайды. Ағымдағы жылыту маусымында қаланың жылуды максималды тұтынуы сағатына 3 050 Гкал-ды құрады. Осылайша, жылу профициті 697 Гкал/сағ дейгейінде орнықты. Бұл – қаланың қажеттіліктерін 2027 жылға дейін жабуға мүмкіндік береді», – деді басқарма басшысы Астана қаласының коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Биыл «Тұран» газ жылыту станциясының екінші кезегінің, 3-ЖЭО-ның көмір бөлігінің, «Тельман» газ жылыту станциясының бірінші кезеңінің құрылысын жалғастыру жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, 2-ЖЭО-ны кеңейтуді бастау және «Оңтүстік-Батыс» газ жылыту станциясын жобалау жұмыстары басталады. Аталған жобалардың іске асуы 2035 жылға дейін жылу қорының берік болуына мүмкіндік бермек.

ПІКІР ЖАЗУ