Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматылықтар Батыс Қазақстанда 23 шақырым бөгет салды

 Алматылық мамандар Батыс Қазақстан облысындағы қауіпті аумақтарға 243 техника жіберді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Апат аймағына Алматыдан барған мамандарға Бәйтерек ауданының 11 ауылынан бөлек және Жайық кенті де сеніп тапсырылған.

Қазір ауданда Алматы әкімдігі ұсынған 243 техника жұмылдырылған, 76 200 шаршы метр арнайы су өткізбейтін материал (геотекстиль) бар. Жедел штаб қызметі басталғалы су тасқыны қаупі жоғары 6 кентте барлығы 23,5 км бөгет салынды, су шайып кету қаупі бар аумақтарды нығайту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар техника Орал қаласының маңында орналасқан Жайық кентіне жіберілді. Бұл ауылда бұрын өздерінің күшімен ұзындығы 1,7 км, биіктігі 1-ден 1,5 метрге дейінгі топырақтан бөгет тұрғызылған. Кентті қорғауды күшейту үшін ұзындығы 3 км-ге дейін, биіктігі 2 м-ге дейін, ені 7 м-ге дейін, геотекстильді қолдана отырып, доғалы пішінді екінші топырақтан бөгет салу туралы шешім қабылданды. Мемлекеттік органдардың бөгет салу кезінде жіберген технологиялық қателіктерін түзетті, – дейді Алматы қаласының әкімдігі.

Сәйкес жаңалықтар

They’re back! Kennedy Darling, named to return to

admin_bainews

ШАХМАТТАН АРДАГЕР, ЗЕЙНЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА АУДАН БІРІНШІЛІГІ ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТКІЗІЛДІ

admin

Қазақстан геосаяси жағдайға байланысты Ресейдің «Сберінен» бас тартты

admin