Қарағанды қаласында арбадағы теннистен Қазақстан кубогі мәресіне жетті
Қарағанды қаласында тірек-іс-қимыл аппараты бұзылған спортшылар арасында арбадағы теннистен Қазақстан кубогі мәресіне жетті.
Төрт күнге созылған жарысқа Қарағанды, Астана, Алматы, Ақтөбе және Ақтаудан мықты спортшылар қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша мына теннисшілер жүлдегер атанды.
Жекелей сын, ерлер:
1.Дастан Ниязов (Ақтөбе),
2.Қайнар Нұрлыбек (Астана),
3.Дінмұхамед Әлиякпаров (Астана).
Жекелей сын, әйелдер:
1.Айжан Бітімбаева (Қарағанды),
2.Айшуақ Жетпісова (Қарағанды),
3.Жанат Үмітқұлова (Ақтөбе).
Жұптық сын, ерлер:
1.Дінмұхамед Әлиякпаров – Қайнар Нұрлыбек (Астана),
2.Федор Старыгин – Евгений Быков (Қарағанды),
3.Санат Есмағамбет – Назар Трофимов (Ақтау).
Жұптық сын, әйелдер:
1.Айжан Бітімбаева – Айшуақ Жетпісова (Қарағанды),
2.Жанат Үмітқұлова – Айгүл Бердешева (Ақтөбе),
3.Сәуле Айдарханова – София Степанова (Астана).
Жасөспірімдер:
1.Назар Трофимов (Ақтау),
2.София Степанова (Астана),
3.Мұхаммед Нияз (Астана).
Жалпыкомандалық есепте қарағандылықтар көш бастаса, Ақтөбе екінші, Астана теннисшілері үшінші орынға ие болды.
«Менің тенниспен айналысқаныма бір жылдай болды. Осы уақыт ішінде республикалық жарыстарда олжа салып үлгердім. Өткен жылы Қазақстан чемпионаты мен Алматыда өткен қорытынды турнирге қатыстым. Тенниске құрбымның шақыруымен келіп едім. Мен бұл спорт түрін жақсы көріп кеттім. Қазақстан кубогіне жақсы дайындалдым. Алтын медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын», – деді Айжан Бітімбаева.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Недовесовтің Бухарест турнирінің ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Бейбіт Жұқаев Мексикадағы жарыстың екінші айналымына өтті.