Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағанды облысында қалдықтарды қайта өңдеуге қайда тапсыруға болады

Қарағанды облысының экология департаменті қайталама шикізатты өңдеумен айналысатын ұйымдардың тізімін дайындады. Мұнда пайдаланылған батареялар, шамдар, автомобиль бөлшектері және т. б. қабылданады.

«Шикізатты қайта өңдеу — бұл өте маңызды іс, өйткені оның көмегімен кейбір заттарға екінші өмір сыйлау арқылы планетамызды қажетсіз қоқыстардан қорғауға болады», — делінген департаменттің хабарламасында.

Қайта өңделетін заттарды қабылдау нүктелері:

— «Қарағанды » ЖШС, +7 (707) 864-64-13;

— «ЭКО Пласт КЗ» ЖШС: +7 (707) 363-73-89;

— «Kawada» ЖШС: +7 (776) 542-48-44;

— «ВСК Қарағанды» Қарағанды облысының аумағында қайта өңделетін шикізатты қабылдайды. Қабылдау пункттерінің мекенжайларымен Instagram ресми парақшасында танысуға болады: @VSK.karaganda, +7 (702) 813-24-33.

Қарағандыда автомобиль катализаторларын қабылдау:

— «Серебро Қарағанды» ЖШС: +7 (701) 554-11-64.

Индикаторлық шамдарды қабылдау:

— Қарағанды, Шахтинск, Топар, Абай қалаларындағы «DRAGMOTORS» ЖШС: +7 (705) 137-00-00.

Қарағандыда пайдаланылған батареяларды қабылдау:

— «12 Вольт»: Богдан Хмельницкий көшесі, 16-2;

— Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы: Бұқар жырау даңғылы, 47.

@ department.ecology.krg

Сәйкес жаңалықтар

Тоқаев бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

admin

Қазақстан мен Пәкістан Қорғаныс министрлері ынтымақтастықтың келешегін талқылады

admin

Өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобалардың іске асырылуы туралы

admin