Жамбыл облысында су басу қаупі бойынша жағдай тұрақты
Бұл туралы Жамбыл облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары, полковник Руслан Орынбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, облыс аумағында елді мекендерді, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың су тасуы тіркелмеген.
Жамбыл облысында жағдай тұрақты. Облыста су тасқыны кезеңін штаттық режимде өткізу мақсатында іс-шаралар жоспары және кезекшілік кестесі бекітілді. Облыс аумағындағы су қоймаларының жұмысына, оның ішінде шекаралас орналасқан «Шоң-Қақпа» (Киров) су қоймасынан судың тасталуына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, су басу қаупі кезінде халыққа іс-қимылдарын түсіндіру бойынша үгіт-насихат ұйымдастырылуда, – деді Руслан Орынбеков.
Руслан Орынбековтің айтуынша, облыс аумағындағы каналдарын, дренаж каналдарын, арық желілерін және су өткізу құрылғылары тазартылған.
Су басу қаупі бар 42 елді мекеннің 34-нен қауіп алынды, 2-еуі (Байзақ ауд. Сарыкемер ауылы және «Здоровье» саяжай алабы) төмендетілді, ал 6 елді мекеннің (Жамбыл ауданы: Жасоркен ауылы, Қызылқайнар ауылы, Байзақ ауданы: Талас ауылы, Қазпоселок ауылы, Түймекент және Тараз қаласы Тектұрмас учаскесі) су басу қаупі «2021-2023 жылдарға арналған су тасқыны қаупінің алдын алу және жою жөніндегі шаралар кешені» Жол картасына сәйкес қауіпі жойылады. Бүгінгі таңда өңірде су тасқының алдын алу және жою мақсатында тиісті шаралар жүргізіліп, 1927 адам, 437 техника, 19 жүзу құралы, 132 мотопомпа, халықты эвакуациялауға және жеке құрамды тасымалдауға арналған 48 жолаушылар көлігі дайын,-деді спикер.
Сондай-ақ, Жамбыл облысынан төтенше жағдайлар орын алған Ақмола өңіріне көмекке 57 жеке құрам мен арнайы құралдары жіберілген.