Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Су тасқыны кезінде 100 бала аман-есен дүниеге келді

Республиканың ауқымды су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерінде 100 бала аман-есен дүниеге келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның ішінде Қостанай облысында — 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында-22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал, Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.

Бұрын хабарланғандай, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды.

Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы үш мыңға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетуде.

Сәйкес жаңалықтар

Садықбек Адамбеков атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті

admin

Түркістан: Отырарда астық жинау науқаны басталды

admin

Астана қасындағы ауыл қоқыс сасып жатыр

admin