Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

5 облыста 7 жол учаскесін су шайып кетті

 ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2024 жылғы 6 сәуірдегі сағат 15:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 5 облыста (Ақмола, Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 593 метр болатын су тасқыны орын алды.

6 облыстағы (Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолдарында (ұзындығы 593 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 399 бірлік техника мен 822 адам жұмылдырылған.

Автомобиль жолдарындағы жағдай туралы біздің ресми сайттан онлайн көре аласыздар.

Сәйкес жаңалықтар

ШҚО-да бруцеллезге шалдыққан адамдар саны көбейген

admin

Қала әкімі білім саласының қызметкерлерін мерекесімен құттықтады

admin

Алматыдағы жер сілкінісінен кейін жер үйлердің бағасы күрт көтерілді

admin