Биыл Шымкентте 40 мың шаршы метрге қызғалдақ отырғызылды

Биыл қала аумағында мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 млн дана қызғалдақ гүлі егілді. Отырғызылған гүлдердің жалпы аумағы 40 мың шаршы метрді құрайды. Affaire, Albatros, Avant Garde голландиялық қызғалдақ түрлері айналма жолдарға, Бәйдібек Би, Назарбаев, Қабанбай батыр даңғылдарына,  №1 Автожол, Гагарин көшесі мен магистралды көшелердің жол жиектеріне, бұрылыстар мен жол айрықтарына отырғызылды.

Көгалдандыру шаралары Шымкент қаласының жайлы ортаны дамыту басқармасы мен мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында жасалды.

ПІКІР ЖАЗУ