Қарағанды облысындағы 2 сәуір сағат 19:30-ға дейінгі су тасқыны жағдайы туралы

 Екінші сәуірде Ақтоғай ауданының Қарақой ауылында (ауылға үйінді кірме жол Тоқырауын және Жаланаш өзендері арқылы өтеді) өзендердегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты елді мекенге өту шектелген (ені – 30 м, тереңдігі – 2,5–3 м, өзен арналары тек маусымдық кезеңде толады). 

“Қазавиақұтқару” АҚ Ми-8АМТ UP-MI869 тікұшағының көмегімен ауылдан Ақтоғай ауылына 15 адам (12 бала және 3 әйел) эвакуацияланды, сондай-ақ елді мекенге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізілді. Ауылға қауіп жоқ, мал биік жерге айдалды. ТЖД және ЖАО күштерімен сол жерде кезекшілік ұйымдастырылды.

Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде. Толып кетудің алдын алу үшін су ағызу жүргізіліп жатыр. Қарағанды облысының ірі су қоймаларынан (Самарқанд, Ынтымпқ, Шерубай-Нұра) төгінділердің ұлғаюына байланысты Нұра өзенінің арнасынан төмен орналасқан Абай, Бұқар жырау және Нұра аудандарының 28 елді мекенінде және Ақтоғай ауданының екі елді мекенінде және Қарағандыда қапшықтарды төсеу, инертті материалдарды төгу және қорғаныс біліктерін нығайту бойынша алдын алу іс-шаралары өтті.

Бір тәулікте жұмыстарға 794 адам, 204 бірлік техника, 23 мотопомпалар, ТЖД Xingtai тіркеме сорғы станциясы, ҰҰ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ЖАО және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды. Тұрғын аумақтардың су басуына жол бермеу үшін шамамен 22 мың 610 м3 еріген су сорылды. Елді мекендерде 5520 дана қап төселді, 50 тонна инертті материалдар себілді.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысының Шет ауданында Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсал ауылдарындағы су тасқыны жағдайына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, онда 40 үй су басып, 292 адам эвакуацияланған болатын, оның ішінде 114 бала. Бұл елді мекендердің тұрғындары үйлеріне оралды.

Еріген сулардың өтуі кезінде Шет ауданында мал өлімі тіркелді – 10 бас ІҚМ, 72 бас ұсақ мал және 9 жылқы (Қайрақты ауылы – 2 бас ІҚМ, 72 бас ұсақ мал, 1 жылқы; Ақсу ауылы – 8 бас ІҚМ, 1 жылқы; Киікті ауылы – 7 жылқы). 293 бас ірі қара, 87 бас ұсақ мал, 50 жылқы қауіпсіз жерге айдалды (эвакуацияланды).

ТЖД базасында су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істейді – (8-7212) 51-11-10.

Қарағанды облысы ТЖД ақпараты бойынша

ПІКІР ЖАЗУ