Шымкент: қала әкімі қоғамдық кеңестің отырысына қатысты

Шымкент қалалық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қоғамдық кеңес мүшелерімен арнайы кездесіп, алдағы атқарылар жұмыс жоспарларын талқылады. Ғабит Әбдімәжитұлы атқарылған жұмыстар, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, шаһардағы шешімін таппаған бірқатар мәселелерден хабардар етті.

– Қалада әлі де шешілмей жатқан мәселелер бар. Халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында белсенді тұрғындармен үнемі байланыста болып, жұмыс атқарып келеміз. Алда атқарылар жұмыстарды пысықтап, жұмыс жоспарларын нақтылауда өздеріңізбен арнайы кездесіп отырмын. Ұсыныстарыңызды тыңдауға әрдайым дайынмын, – деді қала әкімі.

Қала әкімі жол инфрақұрылымын дамыту, қауіпсіздікті арттыру, абаттандыру, әлеуметтік саладағы жобаларды баяндап, Кеңес мүшелерін бірлесе жұмыс істеуге шақырды.

Жиында Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан бірқатар ұсыныстар және мәселелер айтылды. Атап айтқанда, кеңес мүшелері Қонаев даңғылы жалғасы құрылысының барысымен танысу, Шымкент темір жол вокзалында қолайлы жағдай жасау, қалаға жәй жапырақты ағаштарды көбірек егу, жол қауіпсіздігін арттыру, аялдамаларда дәретханалар орнату, азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тұрмыстық қалдықтарды жою және тағы басқа мәселелер көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ