Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: қала әкімі наурыз мерекесі қарсаңында шетелдік журналистермен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков шетелдік журналистер мен блогерлермен кездесті. Наурыз мерекесіне орай мегаполиске оннан астам БАҚ өкілдері арнайы келді. Делегация құрамында Германия, Франция, Сербия, Польша, Қытай, Оңтүстік Корея, Перу, Әзірбайжан, Өзбекстан және басқа да елдердің тілшілері бар.

Ғабит Сыздықбеков қонақтармен ағылшын және француз тілдерінде әңгімелесіп, қаланың жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, жұмыс барысында осындай маңызды тұстарға назар аударуды ұсынды. Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мегаполисті дамыту жоспарларын да әңгіме тақырыбына арқау етті. 

Кездесу соңында қала басшысы мегаполиске қызығушылық танытқан қонақтарға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті. Журналистер сапар барысында әлемнің түкпір-түкпіріндегі оқырмандары мен көрермендеріне  мереке айшықтарын, қаланың тыныс-тіршілігін көрсетеді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: ата-баба дәстүрі — тәрбиенің бастауы

admin

Тегін үйірме: Мемлекеттік бағдарлама аясында заңбұзушылықтар анықталды

admin

Қазақстанда электросамокаттарға мемлекеттік нөмірлер енгізілуі мүмкін

admin