Елордада “Жас құтқарушы” оқу орталығы ашылды

 Астанада “Жас құтқарушы” балалар оқу орталығының ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Орталық түрлі тақырыптық жабдықтармен қамтылған. Екі қабатты оқу орталығының бірінші залында Өрт сөндіру құралдарының, химиялық және радиациялық қорғаныстың экспонаттары, екінші залда химиялық қауіпті нысанда және өрт сөндіру бөлімшелерінде төтенше жағдайды жою жөніндегі макет, жол-көлік оқиғасы кезінде құтқарушылар жұмысының көрнекі үлгісі, балаларға апаттық-құтқару жұмыстары туралы бейнероликтер көрсетуге арналған орын төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныстың құрылу тарихы қойылған.

Өрт болған жерлерден заттарды көрнекі түрде көрсететін бұрыш та бар. Балаларға арналған орталықта зардап шеккендерді іздеу мен құтқарудың арнайы лабиринті, оқыту сабақтары қарастырылған.

Оқу орталығын құрудың негізгі мақсаты – балаларға қауіпсіз мінез-құлық ережелерін қолжетімді формада үйрету, әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде өзін қалай ұстау керектігіне баулу.

ПІКІР ЖАЗУ