Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Шымкенттік спортшы олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды

Бокстан Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан Париж Олимпиадасына жолдама алды. Жерлесіміз Италия елінің Бусто-Арсицио қаласында өткен лицензиялық турнирде 57 келіде өнер көрсетті.

Махмұд Сабырхан алғашқы айналымда Эфиопия спортшысы Ядеса Лета Фикремариамды 5:0 есебімен жеңді. Екінші жекпе-жегінде тайландтық Саравут Суктхетпен келесі кезеңді сарапқа салды. Кездесу тартысты өтіп, отандасымыз 3:2 есебімен айласын асырды.

Махмұд 1/8 финалда пуэрто-риколық Паган Калеб Жосие Тирадоны айқын басымдықпен (5:0) ұтты. Шешуші айқаста тәжікстандық Асрор Вохидовпен жолы түйісті. Шаршы алаң төрінде жерлесіміз сериялық соққыларымен ерекше көзге түсіп, 4:1 есебімен жарқын жеңіске жетті.

Әлемдік іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасынан жалпы 11 боксшы (6 ер, 5 әйел) бақ сынады. Оның ішінде Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі) және Айбек Оралбай (92 келі) жолдаманы қоржынға салды.

Айта кетейік, Олимпиадаға келесі іріктеу турнирі 23 мамыр мен 3 маусым аралығында Таиландтың Банкгок қаласында өтеді.

Сәйкес жаңалықтар

Башқұрт белсенділерінің «Ақбозат» қозғалысы Украинадағы соғыстан бас тартқан жауынгерлерге көмектеспекші

admin

Полиция Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынғанын хабарлады

admin

Катон-Қарағайға енді ұшақпен баруға болады

admin