Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Таразда «Омар ата» базары өртеніп жатыр

 Тараз қаласында «Омар ата» базарындағы өртті сөндіруге 40-қа жуық ТЖД қызметкері атсалысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тараз қаласы ТЖБ баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, 11 наурызда сағат 08:56-да Тараз қаласы, Мәмбет батыр көшесі № 3, «Омар ата» базарының аумағында қойма өртенді. Алдын ала болжам бойынша қызыл жалын 350 ш.м. алаңды шарпыған. Өртті сөндіруге ТЖД 40-қа жуық қызметкері мен 13 арнайы техникасы жұмылдырылды. 

«Омар ата» базарындағы өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылардан басқа Апаттар медицинасы орталығы филиалының қызметкерлері мен психологтар жұмыс атқарып жатыр, — деді Тараз қаласы ТЖБ бастығы Ербол Әміров.

Өрттің себебі анықталуда. Сағат 10.05-те өрт оқшауланды. 

Сәйкес жаңалықтар

Ауқымды реформалар мен орнықты даму: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі нәтижелері

admin

Түркістан: Төлебиде саумалмен емдеу орталығы іске қосылды

admin

Партиялық бақылау комитетінің кезекті жұмыс жиыны өтті

admin