ШЫМКЕНТ: Төтенше жағдайлар департаменті жылу беру маусымына дайындықты қатаң бақылауда
Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 61 өрт тіркелген болатын. Бұл көрсеткіш 2019-2020 жылғы маусымға қарағанда 41 %-ға артып отыр.
Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болған.
Өткен маусыммен салыстырғанда улану саны екі есеге (1,8 есе), қаза болғандар екі жарым есеге (2,75), жарақаттанғандар саны 33 % – ға төмендеген.
Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, биыл балаларды, оның ішінде тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларын суға шомылу орындарында жүзуді тегін үйрету бойынша бассейндердің иелерімен 10 меморандум бекітті. Биыл 500 балаға жүзуді үйрету жоспарланған болатын, қазіргі таңда 423 бала жүзуді үйренді.
Департамент өз құзыреті шеңберінде полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық ұланның №6506 әскери бөлімі, волонтерлік ұйымдарымен бірлесіп, күн сайын, демалыс және мереке күндері қала аумағында орналасқан табиғи және жасанды су айдындарындағы демалыс орындарында қауіпсіздік шараларын өткізеді.