Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елордалық еріктілер әйелдерге 1000-нан аса қызғалдақ сыйлайды

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Еріктілер қызғалдақ гүл шоқтары мен шокаладтарды әйел адамдарға қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде таратуда. Акция жыл сайын өткізіледі.

Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл-күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін, — деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыстарын білдірді.

Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!, — деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасуда. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында экономикалық даму көрсеткіштері жоғарылады

admin

JOLTAP: елордада 19 мыңға жуық тұрғын сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқудан өтті

admin

Ресейлік сарапшы еліміздің бір палаталы Парламент болуының артықшылығын түсіндірді

admin