Астанада Париж-2024 Паралимпиада ойындарына арналған іс-шара өтті

 Астана қаласындағы Паралимпиадалық дайындық орталығында “Париж-2024 Олимпиада және Паралимпиада ойындары жолында!” атты іс-шара өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Олимпиада ойындарының басталуына 143 күн қалғанда және Париж-2024 Паралимпиада ойындарының ашылуына 177 күн қалғанда, бұл шара мүмкіндігі шектеулі балалар мен “Шарль де Голль-Мирас” француз мектебі балаларының басын қосу арқылы Олимпиадаға тән достық пен инклюзия құндылықтарын атап өтті, – деді Францияның Төтенше және Өкілетті елші Дидье Канесс.

Балалар екі паралимпиадалық спорт түрі бочча және голбол ойындарын бірге ойнады.

Бұл іс-шара алдымызда келе жатқан XVII Паралимпиада ойындарына арналған. Мұнда 6-10 жастағы балалар бочча және голбол сияқты паралимпиадалық спорт түрлерімен танысады. Іс-шараға Паралимпиада ойындарына лицензия алған спортшыларымыз да қонақ ретінде келіп отыр. Іс-шараның маңызы жасөспірімдерге параспортты насихаттау, инклюзивті ортаны көрсету, түсіндіру, – деді ҚР Ұлттық паралимпиада комитетінің бас хатшысы Олжас Ақпамбетов.

Спорттық іс-шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық комитеті, Қазақстан Бочча федерациясы және “Тең мүмкіндіктер әлемі” қауымдастығымен бірлесіп, Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Францияның Қазақстандағы елшілігі ұйымдастырды.

Жас спортшыларды қолдап, марапаттауға Қазақстан құрамасының бірнеше пара спортшылары мен отандық “Паралимпиадашы” (2021 ж.) фильмінің бас кейіпкері, актер Асқар Ілиясов келді.

ПІКІР ЖАЗУ