Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Түркістан: жасөспірімдер арасында кіші футболдан спартакиада өтті

Сайрам ауданында бұдан бір ай бұрын басталған жасөспірімдер арасындағы  «DosbolLike»  спорттық спартакиадасы  өз мәресіне жетті. 

Кіші футболдан өткен сайысқа ауылдық округ мектептерінің оқушылары қатысты.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытты тиімді пайдалану және достық қарым-қатынасты нығайтуды көздеген командалардың сайысы өте қызықты болды.

Спартакиада нәтижесінде  1-орынды – Ақбай,  2-орынды – Көмешбұлақ, 3-орынды Ә.Бөкейхан атындағы жалпы орта мектептерінің оқушылары иемденді.  Жеңіс тұғырынан көрінген жасөспірімдер мен жаттықтырушылар мақтау қағаздар, медальдар және кубоктармен марапатталды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында спорт алаңы ашылды

admin

Бәйдібек ауданына жаңа әкім сайланды

admin

Мектепте өткен ерлік сабағы

admin