Қарағандыда жаңа бағдаршамдар, жылы аялдамалар мен “Аргус-жаяу жүргінші” камералары орнатылады

 Қарағандыда жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдануда. Биыл қалада алты жаңа бағдаршам, қосымша жылы аялдамалар орнатылып, “Аргус-жаяу жүргінші” камералары іске қосылады.

Жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін алдын алу шаралары туралы өңірдің полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов есепті кездесуде айтып берді.

– Әкімшілік полицияның ұсыныстарына сәйкес, сондай-ақ 2024 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес Қарағанды көшелерінің жол желісінде апаттылықты төмендетуге және жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі жұмысқа байланысты іс-шаралар кешені өткізілетін болады, – деді Санжар Әділов. – Атап айтқанда, Махметов және Дружба көшелерінің қиылысында, Открытая және Магнитогорск, Қазақстан және Жилстроевская, Волгодонсңая және Сеченов көшелерінің қиылысында, “Политех – ПВУ” ауданында және Мұқанов көшесінде “Отау” тұрғын үй кешендерінен шығар жерде алты жаңа бағдаршам пайда болады.

Сондай-ақ, қала көшелерінде белгілі бір қиылыстың жүктемесіне байланысты жол қозғалысын дербес реттеуге қабілетті қосымша ақылды бағдаршамдар орнатылады. Республика даңғылында және Сарыарқа мен Гоголь көшелерінде жаяу жүргіншілер өткелдерінің үстінде жыпылықтайтын жарық орнатылады.

– Қазыбек би атындағы ауданда өткен жылдан бастап жаңа “Аргус-жаяу жүргінші” камералары сынақтан өтуде. Олар жолақтан өткелі тұрған адамдарға жол бермеген көліктердің ереже бұзушылығын тіркейді. Биыл біз осындай 10 камераны іске қосуды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Санжар Әділов.

Қалада сондай-ақ жылы аялдамалар көбейеді. Кирзавод-3, 4 ауданында, Шахтерский (Пришахтинск), Финсіий, Узенка (ЖБИ ауданы), Рабочий (Сұрыптау) кенттерінде және Пришахтинскінің 23-шағын ауданында он жаңа жылытылатын павильон пайда болады.

Сонымен қатар, биылғы жылы биіктетілген 15 жаяу жүргіншілер өткелін және 45 жасанды жол кедергілерін орнату жоспарланған. Жол белгілерін, тосқауыл қоршауларды жаңарту бойынша жыл сайынғы жұмыс жүргізілетін болады.

Жолдардың кейбір учаскелерін реттеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Космонавттар көшесін қайта жаңарту, Бөкетов көшесі бойындағы жол құрылысы жүргізілуде, Четская мен Новоселовты күрделі жөндеу жоспарланған.

ПІКІР ЖАЗУ