Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Елордада тағы бір жиһаз цехы өртенді

 АСТАНА. KAZINFORM — Астанада жиһаз цехынан өрт шықты. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша оқиға таңғы 8:44-те болған. 

«ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Көктал к., бойынша жоғары дәрежеде шақырылды. Дереу елордалық өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы ұйымдастырылған. Алдын ала ауданы – 500 ш.м.», — деп хабарлады департаменттен.

Өрт сөндіруге ТЖД жеке құрамнан 54 адам және 12 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығының 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Айта кетсек, 17 ақпан күні Астанада жиһаз жасайтын цех өртенген болатын. 

Сәйкес жаңалықтар

Қарақшылыққа қатысы бар күдіктілер ұсталды

admin

22 наурыз – Жыл басы

admin

Түлкібас: Рысқұлов ауылдық округінде халыққа есеп беру жиыны өтті

admin