Жамбыл облысында қар құрсауынан 18 адам құтқарылды
Қордай ауданында қар құрсауында қалып қойған 5 көлік эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қарлы боран кезінде 18 адам құтқарылды
18 ақпанда түнде сағат 01-30-дан 03-40-қа дейін Қордай ауданында, республикалық маңызы бар а/ж жабық учаскесінде ТЖД, ҚР ҚМ 28123 әскери бөлімі, “ҚазАвтоЖол” АҚ күштерімен қар құрсауында қалған 5 жеңіл көліктен 18 адам құтқарылып Кенен ауылының жылыту пунктіне жеткізілді, – делінген Төтенше жағдайлар министрлігі хабарламасында.