Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Шымкент: модернизация — биыл 38 көпқабатты тұрғын үй жөнделеді

Бағдарлама аясында тұрғындар күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалған қайтарымды қаржыны пайызсыз төлейді.

Жөндеу жұмыстары тұрғын үй иелерінің 70 пайыз келісімімен жергілікті атқарушы органдарына жазған  өтінішіне сәйкес жүргізілетін болады.

Былтыр қаладағы 37 үйге  ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Құрылыс барысында тұрғын үйлердің шатыры ауыстырылып, кіреберісі мен жертөлелері, қасбеттері жаңартылды.

Тұрғындар қайтарымды қаражат есебінен жүргізілетін күрделі жөндеу жұмыстары бойынша «Тұрғын Үй Шымкент» ЖШС-не жазбаша өтінім бере алады.

Мекен жайы: Республика даңғылы, №12 «А» 3-қабат.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы полициясы 38 мопедті айыппұл тұрағына қойды

admin

Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген ҚХР Төрағасын әуежайда қарсы алды

admin

Шымкент: емханада дәрі-дәрмектер qr-коды арқылы босатылуда

admin