10 ақпанда Қарағанды өңірінің облыс орталығына 90 жыл толады. Қарағанды қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл күні мерекелік іс-шаралар дайындалды.
Кеншілер мәдениеті сарайы, 17:00
«Қазыналы өлке – Қарағандым» Гала-концерті. Кіру тегін. Соңында КМС алдындағы алаңда лазерлік шоу өтеді.
«Шалқыма» концерт залы, 17:00
Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің қатысуымен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дирижер және композитор Әли Алпысбаевтың «Қазақ елі» шығармашылық кеші.
Террикон алқабы IT-хабы, 16:00–23:00
Қалалық урбанистика орталығының мерекелік бағдарламасы.
Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайы, 09:00-18:00
«Арқа төріндегі кенді қала» көрмесі.
«Алтын ғасыр» галереясы, 16:00
«Қарағанды 90» көрмесі.
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы, 10:00-17:00
Қарағандының құлағы нашар еститін суретшілерінің «Шабыт» көрмесі.
