Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағанды облысында дауылды ескерту сақталуда

Қарағанды облысында 8 ақпанда дауылды ескерту, боран, көктайғақ, желдің екпіні 15–20 м/с дейін, кейде 23–28 м/с дейін сақталады. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, ауа райының қолайсыздығынан республикалық маңызы бар: Балқаш, Солтүстік-Шығыс айналма жолы, Новостройка кенті – Ақсу-Аюлы, Екатеринбург – Алматы (1426–1459 км, Теміртау – Қарағанды ПВП), Қызылорда – Павлодар (970–1135 км, Қарағанды – Павлодар облысының шекарасы) трассаларында қозғалыс жабылды. Сондай-ақ, облыстық маңызы бар 16 автожолда учаскелер жабық күйінде қалып отыр.

«Өткен тәулікте ТЖД күшімен 22 адам құтқарылды, оның ішінде 4 бала. Қарағанды – Теміртау автожолында № 107 маршруттық автобустан 30 адам эвакуацияланды, оның ішінде бір бала», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Тұрғындардан ауа-райы туралы ақпаратты қадағалауды, елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды және шығуды шектеуді сұрайды.

Мамандар келесі ережерді ұстануды ұсынады:

— жабылу орындарында көлік құралдарының жиналуына жол бермеу;

— жол бойындағы немесе елді мекендердегі ауа-райының қолайсыздығы басылуын күту;

— үлкен желкенді құрылымдар мен заттарды нығайту;

— балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

— көшеде болған кезде ғимараттар мен құрылыстардан, биік тіректерден, ағаштардан, билбордтардан, тіректер мен электр сымдарынан аулақ болыңыздар.

Оқиғалардың барлық фактілері туралы 112, 43-36-36, 43-37-37 телефондарына хабарласуға болады.

Сәйкес жаңалықтар

Мақтаарал ауданында жаңа зауыт іске қосылды

admin

Алматы: шетелдегі күмәнді оқу орындарындағы теріс идеологиядан сақтандыру шаралары күшейтілген

admin

Зардап шеккен өңірлерге қосымша 500 арнайы техника жолға шықты

admin