Астана мен Батуми бағытындағы рейстер қайта жанданады

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті отандық және шетелдік әуе компанияларымен бірлесіп халықаралық рейстер санын ұлғайту бойынша жұмыстарды тұрақты негізде жүргізіп келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осылайша, SCAT әуекомпаниясы биыл 8 маусымнан бастап Астана – Батуми бағыты бойынша аптасына 2 рейс жиілігімен әуе қатынасын қайта жаңартуды жоспарлап отыр.

Рейстер сейсенбі және бейсенбі күндері «Боинг-737» типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Сондай-ақ биыл шілде айынан бастап рейстердің жиілігі аптасына 3 ретке дейін артады деп күтілуде.

Яғни, жолаушылар сейсенбі және бейсенбімен қоса, сенбі күндері де Астана – Батуми бағыты бойынша жолға шыға алады.

Тұрақты әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Грузия арасындағы туристік, мәдени және іскерлік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.

ПІКІР ЖАЗУ