Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Астанада құрылысы 11 жылға созылған тұрғын үй кешені аяқталды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада құрылысы 11 жылға созылған тағы бір нысан аяқталды. «Future home» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы 2013 жылы басталған. Нысанның өзі 2017 жылы проблемалы деп танылды. Үлескерлер саны – 200-ге жуық отбасы. Бұл туралы елорда әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-дағы парақшасында жазды.

Нысанды ЕҚК-ге өткізу кезінде 4 және 7 қабаттары ғана салынған. Бұл үйді аяқтау үшін көптеген жүйелі жұмыс, оның ішінде инженерлік желілер бойынша да жұмыстар жүргізілді. Бүгін төрт блоктың тұрғындарына пәтер кілті табысталды. Ал бесінші блоктың үлескерлері жақын арада 

«Осыған дейін мемлекеттің қолдауының арқасында құрылысы ұзаққа созылған 140-тан астам тұрғын үй кешені аяқталды. Осылайша 15,5 мыңға жуық үлескер отбасының проблемасы шешілді. Биылға құрылысы ұзаққа созылған 10 үй қалады. Оларды осы жылдың 1-2 тоқсанында аяқтаймыз. Әрбір нысан бойынша қадамдық іс-шаралар жоспары бар. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында», — деп жазды елорда әкімі. 

Сәйкес жаңалықтар

Дархан Сатыбалды Кентаудағы жылу жүйелерін жаңғырту жұмыстарын пысықтады

admin

Түркістан қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығының» мамандары «Плоггинг» деп аталатын экологиялық акция ұйымдастырды

admin

ШЫМКЕНТ: Рысқұлов көшесіндегі жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады

admin