Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы ипотекалық баспанаға қол жеткізді
Шымкентте 58 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 4-еуі толық емес, 20-сы – ерекше балалары бар немесе ерекше балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, сондай-ақ 24-і І, ІІ топ мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен 10-ы бюджеттік ұйым қызметкерлеріне берілді.
Талаптарға сәйкес, қайтарымсыз 1 млн теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш беруші және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 134 562 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» бағыттары шеңберінде несие негізінде алғашқы жарнаның бір бөлігін жабу барысында беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
Еске салсақ, өтінімдер «www.kezekte.kz» интернет ресурсы арқылы қабылдануда.