Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ӘлемСаясат

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Алматыға жұмыс сапарымен келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Министрлер Кабинетінің Төрағасы – Қырғызcтан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Ақылбек Жапаров 1-2 ақпан күндері Алматыда өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысына және «Digital Almaty 2024: X Индустриясы» халықаралық цифрлық форумына қатысады.

Қырғызстан Республикасы Министрлер Кабинеті баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕҮАК отырысы барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, сондай-ақ техникалық реттеу, біріктірілген ақпараттық жүйе және басқа да өзекті тақырыптарды қарастырады.

А.Жапаров ЕАЭО елдерінің премьер-министрлерімен бірге Digital Almaty жыл сайынғы цифрлық форумының пленарлық отырысына қатысады. Онда көрнекті халықаралық және қоғам қайраткерлері, ірі IT-компаниялар мен бизнес басшылары сөз сөйлейді.

Бұдан бөлек, жұмыс сапары аясында Қырғызстан Республикасы делегациясы басшысының бірқатар екіжақты кездесулері өтеді. Қырғызстанның Үкімет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен және Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловпен кездеседі.

«Кездесулер барысында тараптар көп жоспарлы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, бірқатар маңызды бағыттағы келісімдерді жүзеге асыруға қатысты «сағаттарын салыстырып тексереді», — делінген хабарламада.

2 ақпанда Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы өтеді. Шараға Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей елдерінің үкімет басшылары мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы қатысады.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда мәжіліс депутаттары апта бойы 130-дан астам кездесу өткізіп, ел өтінішін тыңдайды

admin

Ақорда Берік Уәлидің ШҚО әкімі болып тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

admin

Таразда Қазақстан мен Қырғызстан Премьер-Министрлері келіссөз жүргізді

admin